Азия чемпионаты: Анорбаевтың үш нокдаундық жеңісі жартылай финалға жол ашты

Азия чемпионаты: Анорбаевтың үш нокдаундық жеңісі жартылай финалға жол ашты
Фото: ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитеті

Шри-Ланкада өтіп жатқан 22 жасқа дейінгі жастар арасындағы Азия чемпионатында қазақстандық боксшы Жасурбек Анорбаев жартылай финалға жолдама алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ол жергілікті былғары қолғап шебері Тенуван Банда Мигалламен жұдырықтасып, қарсыласын үш рет нокдаунға түсіріп, кездесуді мерзімінен бұрын аяқтады. Бұл туралы ҚР Спорт комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Home of Qazaqstan Sports (@qaz_team_official)

Осылайша, Анорбаев кем дегенде қола медальді қамтамасыз етті.

Сондай-ақ жартылай финалға Диас Берікбай (51 келіге дейін) мен Нурислам Қалдыбаев (60 келіге дейін) шықты.

Айта кетейік, жастар арасындағы Азия чемпионаты 10–24 мамыр аралығында өтуде.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

А. Бақдаулет
Logotype Massaget