Азия бокс конфедерациясы (ASBC) 54 килоға дейінгі салмақта жұдырықтасатын қазақ боксшысы Махмұд Сабырханның шеберлігін ерекше атап көрсетіп, әлеуметтік желіде жекпе-жегінен үзінді видео жариялады.
Видеодағы жекпе-жек сәті Ташкенттегі әлем чемпионатында мажар елінің боксшысы Иштван Сакуға қарсы кездесуден алынған. Отандасымыз 1/16 финалда қарсыласын айқын ұтып шыққан болатын.
ASBC әлеуметтік желісіне жекпе-жектен үзінді жариялап, астына «Сәрсенбі күні Махмұд Сабырхан сынды қимылда» деп жазған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Айта кетейік, Махмұд Сабырхан Ташкенттегі әлем чемпионатында топ жарды. Финалда өзбек боксшысы Ойбек Джураевты жеңді. Оны жанкүйерлер «қазақтан шыққан Ломаченко» деп те атайды.
![]()
Спорт эмоцияларының бас демеушісі 1XBET компаниясы "Чемпионға арналған пәтер" тамаша акциясын жариялайды. 1XBET компаниясымен бірге чемпион бол да, Алматының орталығындағы жап-жаңа пәтердің кілтін ал!