Джитсер Сейілхан Болатбек Аичи мен Нагояда (Жапония) өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарының қола медалін жеңіп алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.
77 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үшінші орын үшін өткен белдесуде ол тағы бір қазақстандық спортшы Адлан Мадаевпен кездесті.
Белдесу 2:0 есебімен Сейілхан Болатбектің пайдасына аяқталды. Осылайша, отандасымыз Азия ойындарының қола жүлдегері атанды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова