Дзюдодан Қазақстан құрамасының өкілі Ажар Асхат Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарының финалында жеңіліп қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.
Ол 70 келіге дейінгі салмақта ақтық бәсекеде жапониялық Рин Маедамен кездесті.
Белдесуде Жапония өкілі басымдық танытып, жеңімпаз атанды. Ал Ажар Асхат жарысты күміс жүлдемен аяқтады.
Айта кетейік, бұған дейін Әбиба Әбужақынова (48 келіге дейін), Елдос Сметов (60 келіге дейін), Әділет Алмат (81 келіге дейін) күміс алған еді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз