Азиада-2026: ауыр атлетикадан ел намысын кімдер қорғайды?

Қазақстан ауыр атлетика федерациясы Аичи-Нагояда (Жапония) өтетін 2026 жылғы Азия ойындарына қатысатын спортшылардың тізімін жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.

Төртжылдықтың басты додасында ел намысын мына ауыр атлеттер қорғайды:

Ерлер 

  • 60 келіге дейін: Өтепберген Әлиев
  • 65 келіге дейін: Сайрамкез Ақмолда
  • 75 келіге дейін: Бексұлтан Айтбай
  • 85 келіге дейін: Алексей Чуркин
  • 95 келіге дейін: Нұрғиса Әділетұлы

Әйелдер

  • 57 келіге дейін: Екатерина Алякина
  • 69 келіге дейін: Арай Нұрлыбекова
  • 77 келіге дейін: Аянат Жұмағали
  • 86 келіге дейін: Айғаным Жанболат
  • 86 келіден жоғары: Любовь Ковальчук

Айта кетейік, 2026 жылғы Азия ойындары 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында өтеді.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз