Қазақстан ауыр атлетика федерациясы Аичи-Нагояда (Жапония) өтетін 2026 жылғы Азия ойындарына қатысатын спортшылардың тізімін жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.
Төртжылдықтың басты додасында ел намысын мына ауыр атлеттер қорғайды:
Ерлер
- 60 келіге дейін: Өтепберген Әлиев
- 65 келіге дейін: Сайрамкез Ақмолда
- 75 келіге дейін: Бексұлтан Айтбай
- 85 келіге дейін: Алексей Чуркин
- 95 келіге дейін: Нұрғиса Әділетұлы
Әйелдер
- 57 келіге дейін: Екатерина Алякина
- 69 келіге дейін: Арай Нұрлыбекова
- 77 келіге дейін: Аянат Жұмағали
- 86 келіге дейін: Айғаным Жанболат
- 86 келіден жоғары: Любовь Ковальчук
Айта кетейік, 2026 жылғы Азия ойындары 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында өтеді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова