Қазақстан әйелдер құрамасының боксшысы Алуа Балқыбекова Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарының ширек финалында сәтті өнер көрсетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.
Отандасымыз 51 келіге дейінгі салмақта ширек финалда жапониялық Юна Нишинакамен кездесті.
Алғашқы раундта Алуа Балқыбекова басымдық танытты. Жапониялық боксшы екінші кезеңде есепті теңестірді. Дегенмен жерлесіміз үшінші кезеңде 2:3 есебімен жеңісті суырып алды.
Осылайша, Алуа Балқыбекова кем дегенде қола медаль еншілемек.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова