Азамат Дәулетбеков ирандық Əлиреза Каримимаханиды ұтып, екі дүркін Азия чемпионы атанды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ұлттық құрама көшбасшысы жартылай финалда өзбекстандық Бобур Исломовты таза ұтқан. Оның алдында Сингапурдан келген Вэн Луендің 40 секундта жауырынын жерге тигізген.
Айта кетейік, Азамат Дәулетбеков - былтырғы Моңғолиядағы сары құрлық чемпионатының жеңімпазы. Одан бөлек, тағы 1 күміс, 1 қола медалі бар.
Оның бүгінгі қарсыласы Əлиреза Каримимаханидың Əлем чемпионатының 3 дүркін жүлдегері, Азия ойындарының жеңімпазы, 2 дүркін Азия чемпионы деген атағы бар.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!