Айына – 25 миллион! "Барыс" хоккейшілері ҚХЛ-де жоғары жалақы алатындар қатарында

Айына – 25 миллион! "Барыс" хоккейшілері ҚХЛ-де жоғары жалақы алатындар қатарында
Фото: hcbarys.kz

Ресейдің "Спорт-Экспресс" басылымы Құрлықтық хоккей лигасында ең жоғары жалақы алатын спортшылардың тізімін жаңартты. Бұл рейтингке биыл көш соңында келе жатқан "Барыстың" 8 бірдей хоккейшісі іліккен.

Басылым тізімінде барлығы 245 хоккейшінің есімі аталып, жылдық табысы Ресей рублімен көрсетілген. Қазіргі таңда ойыншылардың көбінің келісімшарты күшінде, кейбірі ұзартып та үлгерді.

Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) ең жоғары жалақыны "Локомотив" хоккейшісі Максим Шалунов пен "Авангардтың" орталық шабуылшысы Корбэн Найт (бұған дейін "Барыста" ойнап кеткен) алады. Олардың жылдық табысы (қосымша сыйақыларды қоспағанда) 90 миллион рубльді құрайды. Бұл теңгеге шаққанда 537 миллион шамасы.

Елордалық команда сапында ең жоғары жалақыны канадалық легионер Линден Вэй мен команда капитаны Никита Михайлис алады. Олардың табысы 50 миллион рубль деп көрсетілген. Бұл жылына 300 миллион теңгеге жуық қаржыға кенеледі деген сөз. Айына шамамен 25 миллион теңге жалақы алады. "Спорт-Экспресс" тізімінде 34-орын деп көрсетілген.

"Барыс" сапында жоғары жалақы алатындар тізімін команданың канадалық қорғаушысы Алекс Грант жалғайды. Оның табысы 45 миллион рубльге тең. Жылына сонда 268, 76 миллион теңге алады. Командадағы орталық шабуылшы Майкл Шапюдің жылдық табысы 25 миллион рубль (155,28 млн тг) шамасында.

Қақпашы Юлиус Гудачек пен шабуылшы Энтони Луистің табысы 25 миллион рубль (149,31 млн тг) көлемінде. Джесси Грэм — 23 млн рубль (137,37 млн тг.), Джереми Бракко  22 млн рубльге (131,39 млн тг) ойнап жүр.

Команда құрамында қыруар қаржы алатындардың ішінде Никита Михайлистен өзгелерінің бәрі де легионерлер. Биылғы маусымды аса сәтсіз өткізіп жатқан команда қазір Шығыс конференцияда көш соңында тұр.

Спорт эмоцияларының бас демеушісі – 1XBET компаниясымен чемпионды бірге таңдайық!

Н. Үсенова