- Негізгі бет
- Спорт
- Аймбетов еуропалық клубқа...
Аймбетов еуропалық клубқа ауысуы мүмкін бе?
Қазақстан құрамасының форварды Абат Аймбетов "Астанадан" кетуі мүмкін, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
28 жастағы шабуылшы клубпен келісімшарт мерзімін аяқталуы жақын. Ойыншының өзі мансабын жалғастырудың әртүрлі нұсқаларын қарастырып жатқан көрінеді. Оған шетелдік клубтар, соның ішінде шабуылшы легионер болып саналмайтын Түркияка клубтары қызығушылық танытып отыр. Бұған дейін Аймбетовке "Тобыл", "Ақтөбе" және "Ордабасы" секілді отандық клубтар ұсыныстарын білдірген болатын.
Өткен маусымда "Ақтөбе" футбол клубының тәрбиеленушісі ҚПЛ-да 25 матч өткізіп, сегіз гол соғып, үш нәтижелі пас берді. Сондай-ақ шабуылшының есебінде Еуро-2024 іріктеуінде Қазақстан құрамасының құрамында соққан үш гол және Чемпиондар Лигасының іріктеу кезеңінде салған бір доп бар.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Зинешов