Италиялық танымал қақпашы Джанлуиджи Буффон үлкен футболмен қоштаспақ. Бұл жайында белгілі инсайдер Фабрицио Романо twitter желісіндегі парақшасында хабарлады.
45 жастағы голкипер "Парма" командасында ойнап жүрген. Үздік қақпашы ретінде де осы команда арқылы танылған. Пармалық командада әлі біржылдық келісімшарты болған. Алайда команда әлі бір маусым В сериясында ойнайтын болғандықтан, Буффонды нәтиже қанағаттандырмаған. Сондай-ақ қақпашыға араб клубтары да шақырту жасаған. Бірақ олардың ұсынысынан бас тартқан. Инсайдер ақпараты бойынша жуырда мансабын аяқтағаны жайлы хабарлайды.
Джанлуиджи Буффон "Пармадан" бөлек, "Ювентус" және "ПСЖ" командалары қақпасын қорғады. Мансабында 29 рет ірі жарыста топ жарған. 10 рет Италия чемпионы атанған. 2006 жылы Италия құрамасымен әлем чемпионы атағын жеңіп алды.