Әйелдер күресінен Қазақстан құрамасының өкілі Айша Әбдімәлік Әзербайжанның Баку қаласында өтіп жатқан 17 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионатының алтын медалі үшін белдеседі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.
65 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынаған Айша Әбдімәлік жартылай финалда Грекия өкілі Василики Каравануды жеңіп, финалға жолдама алды.
Енді қазақстандық балуан шешуші белдесуде Моңғолия спортшысы Ариунул Болдбаатармен күш сынасады.
Сондай-ақ, 49 келіге дейінгі салмақта Аянат Мейнамбай қола медаль үшін белдеседі. Оның қарсыласы жұбаныш белдесулерінің қорытындысы бойынша анықталады.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова