Әйелдер бокс құрамасы алдағы әлем чемпионатына тас-түйін дайын

Әйелдер бокс құрамасы алдағы әлем чемпионатына тас-түйін дайын
Фото: depositphotos.com

Қазақстанның 19 жасқа дейінгі әйелдер бокс құрамасы алдағы әлем чемпионатына дайындықты пысықтап жатыр. Бұл туралы ұлттық құраманың аға жаттықтырушысы Жангелді Ахметов мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҚБФ-ға сілтеме жасап.

Қазір қазақстандық боксшылар Польшада өтіп жатқан XXI халықаралық Silesian Open турниріне қатысып жатыр. Гливице қаласындағы жарыс 29 тамызға дейін өтеді, оған 18 елден 200-ге жуық спортшы келген.

"Қазір Польшадамыз. 25-29 тамыз аралығында Гливице қаласында өтіп жатқан XXI халықаралық Silesian Open турниріне қатысып жатырмыз. Жарысқа 18 елден 200 қатысушы жиналды. Қыркүйекте Алматы облысының Жаңашар ауылында оқу-жаттығу жиынын өткізу жоспарланған. Ал қазанда Алматы облысындағы Олимпиадалық даярлау орталығында дайындықты жалғастырамыз. Бұл - жастар арасындағы әлем чемпионатына дайындықтың негізгі кезеңдері", - деді Жангелді Ахметов.

Айта кетейік, жастар арасындағы әлем чемпионаты 14-28 қазан аралығында Черногорияның Будва қаласында өтеді.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget