WorldBoxingNews.net ресурсы қазақстандық Айдос Ербосынұлының жекпе-жектен кейінгі жағдайы туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengri Sport сайтына сілтеме жасап.
31 жастағы қазақстандық былтыр кубалық Давид Моррелмен жекпе-жекке шыққан болатын.
"Ербосынұлы жекпе-жектен кейін 12 күндей медикаментоздық комада жатты: дәрігерлер оның миына қан кетіп қалмауы үшін қолынан келгеннің бәрін жасады", - деп жазды басылым.
Айдос Ербосынұлына операция жасалған. Абырой болғанда, Ербосынұлы үш күннен кейін 17 қарашада оянған. Қазақстандық боксшы өз-өзіне келіп, артынша аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылған. Бірнеше аптадан кейін Айдос үйіне оралған.
"Соңғы жекпе-жегімде елімнің үмітін ақтай алмадым. Алғаш рет кәсіби рингте жеңілістің ащы дәмін сездім. Бірақ өмір болғаннан кейін жеңіс те, жеңіліс те қатар жүретіні сөзсіз", - деген екен боксшы басылымға.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!