Қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлының Instagram желісіндегі аккаунты спортшы жасанды комадан шыққан соң алғаш рет жаңартылды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Спортшының Instagram Stories-нде балаларының суреттері жарияланды.
Еске салайық, Айдос Ербосынұлы 6 қарашада таңертең WBA Regular атағы үшін жекпе-жегінде кубалық Дэвид Моррельден нокаутпен жеңілген. Жекпе-жектен кейін спортшы ауыр халде ауруханаға жатқызылып, жасанды комаға түсті. Өткен аптада отадан соң қарқынды терапия бөлімінен қарапайым палатаға ауыстырылды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!