Айбек Тоқаевтың Dota 2 командасының Қазақстан үшін тарихи жетістікке жетуіне бір қадам қалды

Айбек Тоқаевтың Dota 2 командасының Қазақстан үшін тарихи жетістікке жетуіне бір қадам қалды
Фото: instagram.com/quest.esports/

Қазақстандық Айбек Тоқаевтың ТА 2000 командасы Dota 2 командалық компютерлік ойынынан Балиде (Индонезия) өтіп жатқан Major 2023 сериялы турнирінің жоғарғы торының жартылай финалына шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап. 

Жүлде қоры 500 мың долларды құрайтын турнирдің ширек финалында оның Quest Esports командасы қытайлық Aster командасын 2:1 есебімен жеңіп кетті. Команда мүшелерінің айтуынша бұл жеңіс үлкен еңбекпен келген. Ал Айбек Тоқаевтің өзі алғашында командасының жеңісіне сенбегенін жасырмады.

"Біз үшінші картаны жоғалтқан кезде, тимспикте үнсіздік орын алды. Алғашында бәрі аяқталғандай көрінді. Менің ойымша жеңіске ешкім сенбеді. Алайда, біздің қарсыластың қателігін ұтымды пайдалануымыз ойын тағдырын шешті, - деді Тоқаев."

Ертең, яғни 7 шілдеде өтетін келесі матчта Қазақстан ұжымы "Major" турнирінің соңғы жеңімпазы - Gaming Gladiator-мен ойнайды. Егер бәрі сәтті болса киберспортсмендер жоғарғы тордың финалына шығады. Осылайша әлемнің үздік үш командасының  сапына қосылуға мүмкіндік алады. Бұған дейін бірде-бір қазақстандық дотер мұндай жетістікке жеткен емес. Ал қазіргі уақытта командадағы Әлімжан Watson Исламбековтің өнері ең үздік болып танылды. Ол өткен " Major " турнирінде  үндістанның киберспорт ұйымы Entity-мен алтыншы орынға ие болған еді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Зинешов