Айбек Оралбай тарихи рекорд жаңартпақ

Айбек Оралбай тарихи рекорд жаңартпақ
Фото: Qazsporttv.kz

Бокстан Қазақстан құрамасының капитаны Айбек Оралбай Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатына қатысты жоспарын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Айбек Оралбайдың сөзінше, үш дүркін Азия чемпионы Василий Левиттің рекордын жаңартуды мақсат етіп отыр.

"Мен үшін бұл - үшінші Азия чемпионаты. Бұйырса, бар күшімізді салып, командалық есепте бірінші орын алуға және жанкүйерлерді қуантуға тырысамыз. ...Азия чемпионы атансам, Қазақстан тарихында бұл турнирді үш рет жеңген екінші боксшы боламын. Біріншісі - Василий Левит. Бұйырса, осы рекордты жаңарту керек", - деді боксшы.

Айта кетейік, Азия чемпионаты 10 сәуірге дейін жалғасады. Айбек Оралбай турнирдегі алғашқы жекпе-жегін 4 сәуірде бастайды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget