Боксшы Айбек Оралбай Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарының жартылай финалында сәтті өнер көрсетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.
Отандық боксшы 90 келіден жоғары салмақта ел намысын қорғап жатыр.
Айбек Оралбай жартылай финалда үндістандық Нарендермен қолғап түйістірді. Нәтижесінде қазақстандық спортшы төрешілердің шешімімен 5:0 есебімен жеңіске жетті.
Айта кетейік, бокстан финал 2 қазанда өтеді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!