Айбек Оралбай Азия чемпионынан басым түсті

Италияда бокстан өтіп жатқан лицензиялық турнирде Айбек Оралбай алғашқы кездесуін өткізіп, қарсыласынан басым түсті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Айбек Оралбай 92 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасады, оның бірінші қарсыласы Азия чемпионы, 2 мәрте әлем чемпионатының ширек финалисі, үндістандық Санжит Санжит болды. 

Екі Азия чемпионының қатысуымен өткен кездесу Айбек Оралбайдың жеңісімен аяқталды. 

Ол ертең тағы да шаршы рингке көтеріледі.

Тағы да оқи отырыңыздар: Ана туралы әдемі өлеңдер

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!