Айбек Оралбай әлем чемпионатын сәтті бастады

Айбек Оралбай әлем чемпионатын сәтті бастады
Фото: Сали Сабиров/ҰОК баспасөз қызметі

Бокстан Қазақстан ерлер құрамасының капитаны Айбек Оралбай Ливерпульде (Ұлыбритания) өтіп жатқан әлем чемпионатын сәтті бастады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жерлесіміз 90 келіден жоғары салмақтың 1/8 финалында түркиялық Мусахит Илиаспен өзара мықтыны анықтады.

Айбек Оралбай алғашқы раундтан-ақ басымдық танытты. Нәтижесінде отандасымыз 5:0 есебімен жеңіске жетіп, ширек финалға жолдама алды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget