Аянат Жұмағали Ислам ынтымақтастығы ойындарында екі қола медаль жеңіп алды

Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының өкілі Аянат Жұмағали Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында екі қола медаль жеңіп алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Спортшы 77 келіге дейінгі салмақта екі рет үшінші орынға көтерілді.

Аянат Жұмағали серпе көтеруде 128 келіні еңсеріп, үшінші орынға ие болды. Сондай-ақ, қазақстандық спортшы қоссайыс қорытындысы бойынша 221 келіні бағындырып, қола медаль жеңіп алды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!