Аяжан Ермек Азия чемпионаты финалында Феруза Шарипованы жеңді

Жастар арасындағы бокстан Азия чемпионатында қазақстандық Аяжан Ермек финалда жеңіске жетті.

Алтын үшін айқаста 57 келіде өнер көрсететін қазақстандық бұрымды боксшы өзбекстандық Феруза Шарипованы айқын басымдықпен жеңді - 5:0 (29-26, 29-26, 28-27, 28-27, 29-26). Осылайша, Аяжан жастар арасында Азия чемпионы атанды. 

Бұған дейін Қазақстан құрамасынан Аяжан Сыдық та құрлықтық біріншілік алтынын жеңіп алды, ал жігіттерден Алексей Хаванцев алтын иеленді.