Австрияның Линц қаласында дзюдодан гран-при турнирі мәресіне жетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.
Соңғы жарыс күнінде ел намысын бес дзюдошы қорғады. Дегенмен финалға дейін Ақерке Рамазанова (78 келіден жоғары) ғана жетті. Отандасымыз қола жүлде үшін өткен белдесуде Эмма-Мелис Актасқа (Эстония) жол берді.
Ал Аида Тойшыбекова (78 келіден жоғары), Айдар Арапов (90 келіге дейін), Марат Байқамұров (100 келіге дейін), Нұрлыхан Шархан (100 келіге дейін), Жантілек Нұртілепұлы (100 келіден жоғары) финалға өте алмады.
Осылайша Қазақстан құрамасы гран-при турнирін екі медальмен аяқтады. Бұған дейін Әділет Алмат (81 келіге дейін) алтын алса, Шерзод Давлатов (60 келіге дейін) қола медаль еншілеген еді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова