- Негізгі бет
- Спорт
- Ауыратлет Сайрамкез Ақмолда...
Ауыратлет Сайрамкез Ақмолда Азия чемпионатында жүлделі орыннан көрінді
Ауыр атлетикадан Ташкентте өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы қоржынына алғашқы жүлде түсті. 67 килоға дейінгі салмақта Сайрамкез Ақмолда күміс жүлдегер атанды.
22 жастағы қазақстандық спортшы ересектер арасындағы алғашқы жарысында үздіктер қатарына ене білді. Қос жаттығу бойынша ол 292 килоны (126+175) еңсерді. Бұл күміс жүлде еншілеуіне жол ашты.
Азия чемпионатының алтын жүлдесін Солтүстік Корея елінен келген Ри Вон Джи (137+180 кило) еншіледі. Қоланы тай елінің спортшысы Терават Ратфет (128+158 кило) жеңіп алды.
Сайрамкез Ақмолда 2019 жылы жасөспірімдер арасында әлем чемпионы, 2021 жылы жастар арасындағы әлем чемпионатында күміс алған.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
О. Сансызбай