Ауыр атлетикадан Ташкентте өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы қоржынына екінші күміс жүлде түсті. 81 килоға дейінгі салмақта бұл медальды Александр Уваров жеңіп алды.
Қазақстандық ауыратлет жұлқа көтеруде 153 кило, серпе көтеруде 166 кило зілтемірді көтеріп, қоссайыс қорытындысында 343 кило көрсеткішке қол жеткізді. Бұл нәтижемен екінші орыннан көрінді.
Осыған дейін Александр Уваров Ханчжоуда өткен Азия ойындарында қола медаль жеңіп алған.
Осы салмақтағы тағы бір қазақ атлеті Әлібек Рақымберді жалпы есепте 7-сатыға жайғасты (298 кг, 130+168). Алтынға Солтүстік Корея спортшысы Ри Чонг Сонг (369 кг, 169+200) қол жеткізсе, үздік үштікті Түрікменстан өкілі Гайгысыз Тораев 337 келімен (148+189) түйіндеді.
Қазір Қазақстан қоржынында 2 күміс медаль бар. Екі күн бұрын Сайрамкез Ақмолда алғашқы жүлдеге қол жеткізген болатын.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!