"Қайраттың" бас бапкері Рафаэль Оразбахтин ауыр жарақат алған Темірлан Анарбековтің жағдайы туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бапкердің сөзінше, оның жағдайы жақсарып келе жатыр.
"Темірлан ауруханадан шығып, базаға келіп жүр. Қазір гипспен жүр, гипсті шешкен соң көп ұзамай жаттығуға шыға бастайды", - деді ол.
Қазір негізгі қақпашы - Шерхан Қалмұрза. Сонымен қатар, құрамда алдағы күндері жаттығуға кірісетін Александр Заруцкий де бар.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова