Талдықорғанда ауыр атлетикадан ересектер арасында Қазақстан чемпионаты басталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.
Ел біріншілігіне еліміздің 16 өңірінен 160-тан аса спортшы қатысып жатыр. Олардың қатарында ұлттық құраманың көшбасшылары да бар.
Дегенмен бұл бәсекеге Нұрғиса Әділетұлы мен Алексей Чуркин қатыспайды. Жыл басында екі спортшыға да ота жасалған болатын. Қазір олар жарақатынан толық айығып, қалыпқа келіп жатыр.
Айта кетейік, ел біріншілігінің қорытындысы бойынша 2026 жылғы жазғы Азия ойындарына қатысатын ұлттық құрама жасақталады. Қазақстан чемпионаты 19 мамырға дейін жалғасады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!