Ауыр атлетикадан Азия чемпионатына қатысатын спортшылар белгілі болды

Ауыр атлетикадан Азия чемпионатына қатысатын спортшылар белгілі болды
Фото: AWF

10 мамырда Гандинагар қаласында (Үндістан) ауыр атлетикадан Азия чемпионаты басталады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.

Байрақты бәсекеде ел намысын төрт спортшы қорғайды:

  • 79 келіде Петр Хребтов;
  • 88 келіде Әлібек Рахымберды, Александр Уваров;
  • 110 келіде Сұлтан Мейрам.

Айта кетейік, құрлық біріншілігі 17 мамырға дейін жалғасады.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget