Үндістанның Гандинагар қаласында ауыр атлетикадан 2026 жылғы Азия чемпионаты аяқталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.
Құрлық додасында Қазақстан құрамасы сапынан төрт спортшы бақ сынады. Чемпионатта Александр Уваров (88 келіге дейін) қола медаль жеңіп алды. Ол жұлқа көтеруде 165 келіні бағындырып, үздік үштікке енді. Ал қоссайыс қорытындысы бойынша 365 (165+200) келімен бесінші орынға тұрақтады.
110 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Сұлтан Мейрам жүлдеге бір қадам жетпей қалды. Ол 375 (171+204) келі көтеріп, төртінші орын алды.
88 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Әлібек Рахымберды 349 (158+191) келі көтеріп, сегізінші орынға жайғасты.
79 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған Петр Хребтов жарысты бесінші орынмен аяқтады: 335 (150+185) келі.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова