Қазақстан құрамасы Лимада (Перу) өткен жасөспірімдер мен юниорлар арасындағы ауыр атлетикадан әлем чемпионатында бес медаль жеңіп алды. Олардың екеуі - алтын медаль. 8 мамырда жүлдегерлер елге оралды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ксения Прозорова мен Бейбарыс Ерсейіт 59 және 61 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде чемпион атанды.
Ұлттық құрама қоржынына Кира Данилова (71 келіге дейін), Ернұр Мырзахметов (73 келіге дейін) және Ерасыл Сәулебеков (81 келіге дейін) қола медальдар салды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова