Ауыр атлет Еуропа чемпионатында есінен танып қалып, періштелерді көргенін айтты

Ауыр атлет Еуропа чемпионатында есінен танып қалып, періштелерді көргенін айтты
Фото: instagram/andreea_cotruta_

Румыниялық ауыр атлет Андреа Котрута Ереванда өтіп жатқан Еуропа чемпионатында 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесі бойынша жарыс кезінде есінен танып қалды, есін жиғаннан соң періштелерді көргенін айтты. Бұл туралы R-Sport жазды.

"Не болғанын білмеймін. Мен періштелерді көрдім, залды айналып ұшып бара жатқан адамдарды көрдім. Содан кейін құлап қалдым. Бірақ мен өзім-өзімді қайрап, сәтсіздікке жол бермеймін. Мен мұны көтере аламын" деп айттым", - деген сөзін Inside the Games жазды.

Ауыр атлет оқиғаның видеосын Instagram парақшасында жариялады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Weightlifting House (@weightlifting_house)

Жексенбі күні 19 жастағы Котрута серпе көтерудегі екінші әрекеті кезінде есінен танып қалғанына қарамастан, Еуропа чемпионы атанды. Румыниялық атлетті бапкері қайтадан дайындап, нәтижесінде спортшы 110 килоны көтеріп, жалпы 210 кило нәтижемен алтын медаль алды.

Бұған дейін 49 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Түркия өкілі Баяв Пелинсу турнирде есінен танып қалған болатын. Спортшыға дәрігерлердің көмегі қажет болған.

Сәуірдің 15-і мен 23-і аралығында Ереванда ауыр атлетикадан Еуропа чемпионаты өтіп жатыр. Аталмыш чемпионатқа Ресей және Беларусь елінің спортшылары қатыспайды.

Чемпионға арналған пәтер!

Спорт эмоцияларының бас демеушісі 1XBET компаниясы "Чемпионға арналған пәтер" тамаша акциясын жариялайды. 1XBET компаниясымен бірге чемпион бол да, Алматының орталығындағы жап-жаңа пәтердің кілтін ал!

Т. Раушанұлы