Ауыр атлет Бейбарыс Ерсейіт Азия рекордын жаңартты

Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының өкілі Бейбарыс Ерсейіт Өзбекстанның Ташкент қаласында өтіп жатқан 17 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионатында жеңімпаз атанды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.

Қазақстандық спортшы 65 келіге дейінгі салмақта қоссайыс қорытындысы бойынша 281 келі (129+152) көтеріп, алтын медальға ие болды.

Айта кетейік, Бейбарыс Ерсейіт жұлқа көтеруде де үздік атанды. Спортшының екі нәтижесі де U17 санатындағы Азия рекорды ретінде тіркелді.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз