Australian Open-2026: Қазақстан атынан кімдер бақ сынайды?

Australian Open-2026: Қазақстан атынан кімдер бақ сынайды?
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Аустралияның Мельбурн қаласында әлемдегі ең беделді жарыстардың бірі - Australian Open-2026 турнирінің іріктеу кезеңі басталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл кезеңде Қазақстан құрамасынан Дмитрий Попко өнер көрсетті. Алайда ол алғашқы айналымда Маккензи Макдональдқа (АҚШ) есе жіберді.

Нәтижесінде турнирдің негізгі кезеңінде Қазақстан атынан бес теннисші бақ сынайды: Елена Рыбакина, Александр Бублик, Александр Шевченко, Зарина Дияс және Юлия Путинцева.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget