Әуесқой бокстан шеттетілген Саматәлі Төлтаев кәсіпқойдағы жолын жеңіспен бастады

Допинг қолданғаны үшін әуесқой бокстан шеттетілген қазақстандық Саматәлі Төлтаев кәсіпқойдағы жолын жеңіспен бастады. Ол Ыстанбұлдағы бокс кешінде қарсыласынан басым болды. 

Төрт раундқа жоспарланған жекпе-жекте Саматәлі түрік боксшысы Рефик Тарханмен (3-4, 1КО) жұдырықтасты. Төрешілер шешімімен жеңіске жетті. 

Саматәлі осыған дейін допингпен ұсталып, оралтуринабол препаратын қолданғаны мәлім болған еді. Осыған байланысты ол 2026 жылдың 31 наурызына дейін әуесқой бокстағы жарыстардан шеттетілген болатын. 

Қазақстандық боксшы 2022 жылы Азия чемпионатында қола алды. Ұлттық құрама сапында жұдырықтасты. 

Спорт барлығына жетеді!

Спорттық эмоциялардың бас демеушісі 1XBET компаниясы барлық жаңа пайдаланушыларға 200 000 дейін сыйлайды! Өзіңе ұнайтын спорттық іс-шараларды қара және фавориттеріңмен бірге жеңіске жет! Толық ақпарат 1XBET.KZ сайтында және қосымшасында!