Антигравити (antigravity) – йога, пилатес және акробатикалық гимнастика элементтерінен тұратын жаңа фитнес-бағдарлама. Оған аспалы жабдықты (гамак) қолданады, сондықтан оны жиі гамактағы йога немесе гамактағы фитнес деп атайды.
Бұл бағытты бродвейлік биші, хореограф, акробат Кристофер Харрисон ойлап тапқан. Гимнастар бір жағы төбеге бекітілген матамен жұмыс істейді. Кристофер матаның екінші жағында төбеге іліп, гамак жасап, онда йоганың классикалық қалыптарын және әуе гимнастикасының элементтерін жасап көреді.
Антигравитимен айналысу қан айналымды қалыпта ұстауға, дене мүсінін жақсартуға, иілгіштікті дамытуға және бұлшықеттер шыдамдылығын арттыруға мүмкіндік береді. Босаңсуды, денеңіз бен сезімдеріңізді тыңдауды үйренесіз және тыныс алуды бақылайсыз. Гамакта жаттығудың басты ерекшелігі – дененің төңкерілген күйінде қимылдау. Қазіргі кезде антигравитиде шамамен 3000 түрлі дене күйі бар.
Төңкерілген қалып адам ағзасына ерекше әсер береді. Адам басы төмен салбырап тұрған күйде ішкі органдар тартылыс күшінің әсерінен "демалады".
Төңкерілген күйдің қандай артықшылықтары бар?
- Ол басты қанмен қаматамасыз етеді, мидың және оның қантамырларының жұмысын жақсартады. Соның нәтижесінде, ойлау, зейін қою, тепе-теңдік ұстау жақсарады. Басты қоректендіру жақсарғандықтан оның шаш өсуіне де пайдасы тиеді;
- Ол ағзаның эндокринді жүйесінің жақсаруына, зат алмасудың және гормонды фонның ретке келуіне ықпал етеді;
- Аяқ-қолдардың төмен және жоғарғы бөліктеріне оттекпен қаныққан қан келеді. Нәтижесінде, аяқ-қолдар жақсылап демалады, шаршауын қояды және ісіктер кетеді;
- Қанның қайтуы болып, бауырды қанмен қамтамасыз ету жақсарады;
- Жай тартылғандықтан омыртқааралық дисктердің гидраттануы жақсарады. Арқаның ауыруы қояды және бүкірліктен арылуға көмектеседі.
Гамакта жаттығу қауіпті ме?
Гамактар өте сапалы материалдан жасалады және ірі адам салмағынан 3-4 есе үлкен салмақты көтере алады. Одан құлап қалу мүмкін емес. Бірақ антигравитиге кез келген гамак емес, Харрисон гамагы қажет.
Жүкті әйелдерге және қимыл-тірек аппараты жарақаты бар, жақында ота жасатқан, жоғары қан қысымы бар, жарығы (грыжа) бар адамдарға гамакта жаттығуға тыйым салынады.
Жаттығу қалай өтеді?
Алдымен гамакты жаттығушы адамның параметрлеріне байланысты дайындайды. Антигравитимен айналыспас бұрын кез келген спорттық жаттығуда секілді бұлшықеттер мен буындарды қыздырып алу керек. Содан соң гамакта қарапайым элементтерді орындаудан бастайсыз. Жаттығу соңында тыныс алуды тұрақтандыруға және босаңсуға уақыт бөледі. Әдетте антигравити жаттығуы 75 минуттан тұрады. Бірінші сабақта бас айналу секілді жағымсыз сезімдер орын алуы мүмкін, бірақ келесі сабақта ағза мұндай жаттығу түріне үйрене бастайды.