Атырау облысы Құрманғазы ауданында тұратын спортшы Ерсейіт Бралин жаңа рекорд орнатты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Ақ Жайыққа" сілтеме жасап.
Ол салмағы 165,2 тонна болатын жеті теміржол вагонын 9,75 метрге сүйреп, Қазақстан рекордтар кітабына енді.
Бұл жетістік ресми түрде тіркеліп, оған КИнЭС-2026 рекордтар кітабының кейіпкері атағы берілген.
Ерсейіт Бралин бұған дейін де күш сынап, 2024 жылы 94 тонналық вагонды сүйреп, батыс өңірінде рекорд жаңартқан.
Айта кетейік, ол - пауэрлифтингтен әлем чемпионы, Азия чемпионатының қола жүлдегері әрі "Толағай алыптар" сайысының жеңімпазы. Сонымен қатар, пауэрлифтинг пен грэпплингтен спорт шебері.
Қазір спортшы аудандық №7 өрт сөндіру бөлімінде бөлімше командирі қызметін атқарады.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз