Атырауда "Атырау" мен "Ақтөбе" футбол командаларының жанкүйерлері жаппай төбелесті, - Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы әлеуметтік желіде видео тарады. Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі жанкүйерлер арасында қақтығыс болғанын растады.
"Сағат 17:55 шамасында Атырау-Ақтөбе футбол құрамаларының ойыны басталмас бұрын стадион алдында жанкүйерлер арасында қақтығыс орын алған. Полиция қызметкерлері қоғамдық орында құқық бұзушылыққа жол берген 30 адамды Атырау қалалық полиция басқармасына жеткізді. Тиісті іс-құжаттар жинақталуда", - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.