Итальяндық әйгілі боксшы, Олимпиада чемпионы және әлемнің бұрынғы чемпионы Джованни Нино Бенвенути 87 жасында өмірден өтті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бенвенути 1960 жылы Римде өткен Олимпиада ойындарында жартылай орта салмақта алтын медаль жеңіп алып, турнирдің үздік боксшысы ретінде Вэл Баркер кубогын иеленген.
Кәсіпқой мансабында ол екі салмақ дәрежесінде әлем чемпионы атанды:
1965–1966 жылдары бірінші орта салмақта (WBA және WBC);
1967–1970 жылдары орта салмақта (WBA және WBC).
Бенвенутидің кәсіпқой бокстағы рекорды: 90 жекпе-жек, 82 жеңіс (оның ішінде 35 нокаут), 7 жеңіліс және 1 тең нәтиже.Tengri Sport
Оның Эмиль Гриффитпен болған трилогиясы бокс тарихындағы ең есте қаларлық жекпе-жектердің бірі саналады.
1992 жылы Джованни Бенвенути Халықаралық бокс даңқ залына енгізілді
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
А. Бақдаулет