ATР 250 Astana Open турнирінің басталуы қарсаңында «Үлкен Дулыға» үш турнирінің жеке сындағы жеңімпазы, швейцариялық Стэн Вавринка және US Open 2020 чемпионы австриялық Доминик Тим халықаралық турнирлер аясында Қазақстан теннис Федерациясы дәстүрлі түрде ұйымдастыратын әлеуметтік маңызды іс-шараларға қатысуға уақыт бөлді.
«Асыл Мирас» аутизм орталығына баруға ниет білдірген спорт жұлдыздарымен алғашқылардың бірі болып осы орталыққа баратын балалар кездесті. Аутизм спектрі бұзылған (АСБ) балаларға арналған осындай орталықтар Қазақстанның 12 қаласында Болат Өтемұратов Қоры ашылған, Астанада екі аутизм орталығы жұмыс істейді.
Болат Өтемұратов Қорының директоры Марат Айтмағамбетов қонақтарға аутизмнің алғашқы белгілері және уақтылы диагностиканың маңыздылығы туралы айтып, олардың назарын ата – аналарды сақ болуға мәжбүр ететін АСБ-ның кейбір сипаттамалық белгілеріне аударды - ол көзбен байланыстың болмауы, басқа балалармен ойнауға деген қызығушылық пен сөйлеудің болмауы, ойыншықтарды бір қатарға немесе түстерге сәйкестендіру бейімі және басқалар.
«Әлемдік теннис жұлдыздарының «Асыл Мирас» аутизм орталығына баратын балалармен кездесуі біз үшін жақсы дәстүрге айналды. Біз балалардың осындай кездесулерден жағымды эмоциялар алып, қоршаған әлем туралы жаңа білімдерге көздерін ашатынына қуаныштымыз. Жұлдызды ойыншылармен кездескеннен кейін балалар бір күні осы спорт түріне қызығушылық танытады немесе теннис ойнағысы келеді деп шын жүректен үміттенеміз», - деді Марат Айтмағамбетов.
Барлық 12 «Асыл Мирас» орталықтарында 3 жасқа дейінгі кішкентай балаларға арналған ерте қолдау бағдарламалары жұмыс істейді, өйткені уақытында алынған түзету көмегі баланың дербес ересек өмір сүру мүмкіндігін едәуір арттырады. Орталықта балалар мен ата-аналар бір-бірін жақсы түсінуге үйренеді, тіпті егер бала сөйлемесе де, дағдарыстық жағдайларды жеңе алады, құрдастарымен ойнайды. 2015 жылдан бастап АСБ-мен ауыратын 15000-нан астам бала Қор жүзеге асыратын интервенциялық бағдарламалар арқылы көмек алды.
Естелік ретінде әлемдік теннис жұлдыздары балалардың салған картиналарын сыйлық ретінде қабыл алды.