Асылым Жақия әлем чемпионатының жеңімпазы атанды

Қазақстан құрамасы Германияның Зуль қаласында өтіп жатқан оқ ату спортынан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында кезекті медалін жеңіп алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.

Алтын жүлдені Асылым Жақия иеленді. Қазақстандық спортшы 25 метр қашықтан стандартты шағын калибрлі тапаншамен оқ атудан 554 ұпай жинап, әлем чемпионы атанды.

Екінші орынды 552 ұпаймен үндістандық Шауля Дилип Бхарне иеленді. Үздік үштікті тағы бір Үндістан өкілі Рия Дуггал (552 ұпай) түйіндеді.

Айта кетейік, Асылым Жақияның алтын медалі Қазақстан құрамасының осы әлем чемпионатындағы үшінші жүлдесі болды. Бұған дейін стенд атудан әйелдер құрамасы алтын медаль жеңіп алса, Ринат Казаченко нысана көздеуден күміс жүлдеге қол жеткізген еді.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!