Асылжан Арыстанбекова жасөспірімдер арасындағы Australian Open турнирінің ширек финалына шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қазақстандық теннисші Юлия Перапехинамен (Беларусь) бірге жапониялықтар Хаю Киношита/Вакана Сонобені 6:4, 2:6, 10:7 есебімен ұтты.
1/4 финалда Қазақстан-Беларусь дуэті ұлыбританиялық Минге Сю/Ханна Клугманмен ойнайды.
Өкінішке қарай, Әмір Омарханов Juniors Australian Open турнирінің жұптық сайысында ширек финалға өте алмады. Қазақстанлық теннисші оңтүстіккореялық Чанджун Киммен бірге екінші айналымда жеңіліп қалды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!