Фристайл-акробатикадан Қазақстан құрамасының өкілі Асылхан Асан Айролода (Швейцария) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында жеңімпаз атанды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.
Спортшы жеке сайыста үздік нәтиже көрсетті. Финалда Асылхан Асан төрешілердің шешімімен 103.35 ұпай жинады. Осылайша алтыннан алқа тақты.
Оның командаласы Дінмұхаммед Райымқұлов 92.82 ұпаймен екінші орын алды. Ал үшінші орынды Беларусь өкілі Владислав Вазнюк (92.00) иеленді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!