Қазақстандық Асу Алмабаев UFC-дегі алғашқы жеңісінен кейін Fightmatrix сайтының тұжырымы бойынша ең жеңіл салмақ рейтингінде топ-20 тізімге кірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Vesti.kz сайтын сілтеме жасап.
Асу бірден алты саты көтеріліп, 19-орынға жайғасыпты. Ал рейтингтегі алғашқы үштікте Алешандре Пантожа (Бразилия), Брэндон Морено (Мексика) және Дейвисон Фигейреду (Бразилия) тұр.
Еске салайық, Алмабаев 6 тамыз Нэшвиллде өткен UFC on ESPN 50 турниріне қатысып, екінші раундта ямайкалық Оде Осборнды тұншықтыру әдісімен жеңген.
![]()
Спорттық эмоциялардың бас демеушісі 1XBET компаниясы барлық жаңа пайдаланушыларға 200 000 дейін сыйлайды! Өзіңе ұнайтын спорттық іс-шараларды қара және фавориттеріңмен бірге жеңіске жет! Толық ақпарат 1XBET.KZ сайтында және қосымшасында!