UFC-де өнер көрсететін қазақстандық Асу Алмабаев "Вестнику ММА" YouTube арнасына берген сұхбатында UFC on ESPN 50 турнирінде ең мықты өнер көрсеткені үшін төленетін 50 мың доллар көлеміндегі бонусты қайда жұмсайтынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
Алмабаев 6 тамыз Нэшвиллде өткен турнирде ямайкалық Оде Осборнды екінші раундта жеңген еді. Бұл Асудың UFC-дегі алғашқы айқасы болды.
- Бонусқа оралайық. 50 мыңды (долларды) қайда жұмсайсың?
- Ақыры көлік алатын шығармын. Бір-екі жылдан бері жаяу жүрмін.
- Қандайын алғың келеді?
- Әлі қараған жоқпын, ақшаны алайық, сосын көреміз.
- Демек UFC төлемді бірден жасмайды ғой...
- 10 жұмыс күнінен кейін береді, келісімшартта солай делінген.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!