Астанада теннистен Президент кубогі басталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қазақстан теннисінің жас жұлдыздары Әмір Омарханов пен Заңғар Нұрланұлы ұйымдастырушылардан арнайы шақырту алды.
Әмір алғашқы айналымда жапониялық Имай Шинтаромен, Заңғар әлемнің бұрынғы 50-ракеткасы Ричардас Беранкиспен ойнайды.
Іріктеу сайысында Григорий Ломакин, Ислам Орынбасар, Ерасыл Бақтияр және Даниэль Тазабеков бақ сынайды. Ислам түркиялық Арда Азкармен, Григорий жапониялық Тайсей Ичикавамен, Ерасыл оңтүстіккореялық Пак Юсунгпен, 17 жастағы Даниэль Жапонияның тағы бір өкілі Риотара Тагучимен кездесу өткізеді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова