Қазақстандық балуан Нұрқожа Қайпанов Астанада өтіп жатқан күрестен әлем чемпионатындағы алғашқы белдесуінде жеңіске жетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Еркін күрестен 74 келіге дейінгі салмақта сынға түскен отандасымыз 1/16 финалда Косово өкілі Эгзон Хонимен кездесіп, қарсыласын мерзімінен бұрын жеңді.
Осылайша, Нұрқожа өз жерінде өтіп жатқан әлем біріншілігін сәтті бастап, 1/8 финалға шықты.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!