8-10 мамыр аралығында Астанада дзюдодан Qazaqstan Barysy Grand Slam халықаралық турнирі өтеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.
Астана бұл байрақты бәсекені биыл төртінші рет қабылдап, әлемнің үздік дзюдошыларын бір алаңға жинамақ.
Турнир қорытындысы бойынша IJF ережелеріне сәйкес жеңімпаздар мен жүлдегерлерге әлемдік және олимпиадалық рейтингке ұпайлар беріледі.
Бірінші орын алған спортшыға 1000 ұпай, екінші орынға 700 ұпай, ал үшінші орынға 500 ұпай жазылады.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова