- Негізгі бет
- Спорт
- Астанада өтіп жүрген...
Астанада өтіп жүрген ATP 250 турнирі Алматыға ауысты
2024 жылғы маусымда АТР күнтізбесінде жаңа турнир – Almaty Open пайда болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасап.
Астанада өтіп жүрген ATP 250 турнирі Алматыға ауысты. Бұл туралы отандық теннис федерациясының вице-президенті Юрий Польский айтты.
"Алматы мұндай ірі жарысты өткізу үшін әуелден лайықты еді. Алматыда жанкүйерлер де көп, дәстүрлі түрде теннис те өте жақсы дамыған. Сондықтан қалада теннистің дамуына жаңа леп беру үшін АТР 250 турнирін Астанадан Алматыға ауыстырдық. Оған қоса, Алматы туристік қала болып есептеледі, онда келетіндер көп. Сондай-ақ Алматыда жақсы спорттық нысан – Almaty Arena бар, біз оны турнир қажеттілігіне толық бейімдегіміз келеді. Әлеуеті де жоғары, 7 мың, болашақта 10-12 мың жанкүйер үшін матчтар өткізуге болады. Көрермен көп болса, бұл ойыншыларға да ұнай, олар өзінің үздік өнерін көрсете бастайды", - деді ол.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан