Астанада жеңіл атлетикадан жабық кешендегі Қазақстан Республикасының чемпионаты өтіп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.
Маңызды республикалық жарыс 9 қаңтарда басталды.
Чемпионатқа еліміздің 18 өңірінен спортшылар, соның ішінде Қазақстан ұлттық құрамасының спортшылары қатысады.
Жарыс барысында 31 медаль жиынтығы сарапқа салынады.
Айта кетейік, бұл чемпионат іріктеу ретінде өтеді. Оның қорытындысы бойынша үздік атанған спортшылар алдағы халықаралық жарыстарға қатысатын құрамға енеді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова