Астанада жеңіл атлетикадан жабық кешендегі әлем чемпионаты өтеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.
Бұл туралы World Athletics кеңесінің Торунь қаласында өткен отырысында ресми түрде жарияланды.
"Әлем чемпионаты Қазақстан астанасында 2030 жылы 15-17 наурыз аралығында өтеді", - деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, 2023 жылы Астанада жеңіл атлетикадан жабық кешендегі Азия чемпионаты өткен еді. Сондай-ақ, елордада 2024 және 2025 жылдары World Indoor Tour Gold сериясының кезеңдері өткізілді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!